«Шыда, бауырым!»: Нұр-Сұлтан тұрғындары Есілдің жағалауына азық-түлік әкеліп жатыр

0
815

Тұрғындар қоршауға азық-түлік пен ансисептик салынған дорбаларды іліп жатыр.


«Шыда, бауырым!»: Нұр-Сұлтан тұрғындары Есілдің жағалауына азық-түлік әкеліп жатыр

ERNUR.KZ. Елорда тұрғындары Есіл өзенінің жағалауына мұқтаж жандар үшін азық-түлік пен гигиеналық заттар әкелуде, деп жазады ҚазАқпарат.

«Держись друг!» - «Шыда бауырым!» деп жазылған қайырымдылық акциясының суреттері әлеуметтік желіде жарияланды.

Тұрғындар Кенесары хан ескерткіші маңындағы қоршауға азық-түлік пен ансисептик салынған дорбаларды іліп жатыр.

«Елордада белгісіз біреу азық-түлік, антисептик және өзге де қажетті заттар салынған пакет қалдырып кеткен. Адам атын мақтанышпен айтатын сәт», - деп жазды Facebook қолданушыларының бірі.