Күдіктілер ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сату үшін контейнерлер ішіндегі тауарларға қол жеткізген ақпаратты пайдаланған.
фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ERNUR.KZ. 2025 жылдың 16 қаңтарында Бас көлік прокуратурасы шекарада тауар ұрлау дерегі туралы ақпарат берді. Белгілі болғандай, уақытша сақтау қоймасының қызметкерлері 2023-2024 жылдар аралығында Қытайдан келген тауарларды ұрлаған, деп жазады zakon.kz.
Күдіктілер ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сату үшін контейнерлер ішіндегі тауарларға қол жеткізген ақпаратты пайдаланған.
Келтірілген шығын 200 млн теңгеден асып, отандық және шетелдік компанияларға зардап келтірілді.
Жетісу көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық Таиландтан заңсыз сәлемдеме жібергені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды.