ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов еліміздегі футбол, хоккей спорттарында арнайы лимиттер қойылатынын айтты, деп жазады Stan.kz.
Министрдің айтуынша, лимитті 1-2 миллиардтан асырмау керек.
"Бізде футбол, хоккей спорттарында арнайы лимиттер бар. Ол жерде де қазір дене шынықтыру және спорт бағытындағы заңнамамен жұмыс атқарып жатырмыз. Бұл жерде біз қазір лимиттер мәселесін көтерудеміз. Кейбір өңірлерде 1-2 миллиардтан асырмау мәселесі бар. Бірақ көп өңірлер ол шектеуді бұзады. Сондықтан біз қазір футболға, хоккейге қандай бюджеттік лимиттер орнатамыз деп қарап жатырмыз", – деді министр.
Ербол Мырзабосынов футбол мен хоккейге бөліген бөлінген бюджеттің лимиттердің 1-2 миллиардтан қысқармайтынын атап өтті.
“Футболды білесіз ғой, қандай қаражат жұмсалады. Бүгінгі күні біздегі мәліметтер бойынша біраз өңірлерде 3-4 миллиардқа жетіп кеткен. Біз соны 1-2 миллиардтың шамасына түсіруді ойластырып жатырмыз, ол да әлі зерттеледі, анализ жасалады", – деді Ербол Мырзабосынов.