Шығыс Қазақстан түгелдей бұрынғы уақыт белдеуіне ауысты

0
411

Бұған дейін 19 қарашада премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы шешімді үкіметтің қолдағанын мәлімдеді.


Шығыс Қазақстан түгелдей бұрынғы уақыт белдеуіне ауысты

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы 11 ауданның барлығы бұрынғы уақыт белдеуіне көшті, деп жазады stan.kz.

13 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының екі ауданы – Шемонаиха және Глубоковскийдің мемлекеттік мекемелері, кәсіпорындары мен әлеуметтік сала қызметкерлері жаңа кесте бойынша сағат 08:00-де жұмысқа келеді. Олардың жұмыс күні сағат 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін болады.

Шемонаиха ауданының әкімдігі жаңа жұмыс уақытын енгізіп, процестерді оңтайландыруға ниетті екенін жазды. Өзгеріс өңірдің табиғи ерекшеліктерімен де байланысты, себебі онда күн ерте шығып, ерте батады.

Глубоковский ауданында жергілікті тұрғындармен кездесу өтіп, онда жаңа жұмыс кестесі талқыланды.

"Біз әріптестерімізге олардың отбасымен көбірек уақыт өткізуі үшін қажетті жағдай жасаймыз. Тұрғындармен кездесу өткізіп, мұндай жұмыс кестесі аудандағы тұрмыс пен еңбек жағдайын жақсартуға көмектеседі деп шештік", – деді Глубоковский ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов.

Жаңашылдыққа жергілікті тұрғындар да қолдау білдірді.

Еске салайық, бұған дейін 19 қарашада премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы шешімді үкіметтің қолдағанын мәлімдеді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек уақыт белдеуінің ауысуының қазақстандықтарға әсерін зерттеуден бас тартпайтынын, оған шамамен 100 млн теңге бөлінетінін айтты. Алайда зерттеу нәтижесіне қарамастан, уақыт белдеуін өзгерту туралы шешім өзгермейді деп мәлімдеді. Зерттеу 2025 жылдың қаңтарынан басталып, негізгі бөлігі сол жылы аяқталады.