Шығыс Қазақстанда сел қаупі бар аймақтар анықталды

0
574

Бүгінде өңірдегі жағдай тұрақты.


Шығыс Қазақстанда сел қаупі бар аймақтар анықталды

ERNUR.KZ. ШҚО-да сел басу қаупі бар 23 ошақ бар. Олар 6 ауданда орналасқан, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Катонқарағай, Зайсан, Үржар, Тарбағатай және Алтай аудандары мен Риддер қаласында сел басу қаупі бар.

«Мұндағы тауларда 146 мұздық көл пайда болған. Олар 13 елді мекенге қауіп төндіріп отыр. Онда «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі ШҚ филиалы мамандарының тәулік бойы бақылау бекеттері орнатылды», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ өңірде көшкін қаупі 9 учаске бар.

«Олар автожолдарда, өзен бойында орналасқан: Гроутуха, Уба – Риддер қаласы, Бұқтырма, Хамир, Чернова – Алтай ауданы, Бұқтырма– Катонқарағай ауданы, Кендірлік – Зайсан ауданы», - деп жазылды хабарламада.

Мамандар өзен арналары мен қауіпті учаскелердің сел көшкіні бойынша жоспарлы жерүсті және аэровизуалды зерттеу кестесін әзірлеген.

«Сел қаупі бар учаскелерде 46 ескерту және тыйым салу қалқаны, көшкін қаупі бар учаскелерде 18 қалқан орнатылды. Қауіптің алдын алу мақсатында арнайы жоспар әзірленді. Жеке құрамда 547 маман, 77 бірлік техника, 15 бірлік тіркеме және 122 бірлік жылжымалы мотопомпа, 30 жүзу құралы бар», - деп жазылды хабарламада.

Сонымен қатар мамандар бүгінде сел қаупі жоқ екенін атап өтті.

«Облыс аумағында жағдай тұрақты. Сел қаупі бар барлық учаске «Қазселденқорғау» ММ филиалы қызметкерлерінің бақылауында. Биыл алғаш рет мұздық көлдер тексеріледі», - деп жазылды хабарламада.