Шығыс Қазақстандағы Лениннің ескерткіші маңызды ескерткіштер тізімінен шығарылады

0
134

Жалпы аталған тізімде облыстық маңыздағы 323 нысан болған.


Шығыс Қазақстандағы Лениннің ескерткіші маңызды ескерткіштер тізімінен шығарылады

Фото: yk-news.kz

ERNUR.KZ. Бұл туралы облыстық әкімдіктің қаулы жобасында айтылған, деп жазады inbusiness.kz.

"Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде тұрған, осы қаулыға қосымшада көрсетілген нысандар жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айырылсын", – деп жазылған құжатта.

Қосымшада 5 нысан көрсетілген. Олар:

1. В.И. Ленин ескерткіші (1962 жыл, Алтай қаласы, орталық алаң);

2. Е.П. Михаэлис бейіті (1913 жыл, Өскемен қаласы, Ушанов қалалық зираты, Степное ауылына баратын тас жолдың бойында);

3. О.Ф.Костюриннің механикалық шеберханалары (1907 жыл, Өскемен қаласы, Антон Чехов көшесі, 43);

4. Өнер мұражайының ғимараты (алтын өндіруші А.С.Меновщиковтың бұрынғы кеңсесі), (1914 жыл, Өскемен қаласы Тоқтаров көшесі, 56);

5. Көпес Мұхамедшиннің лабазы (1906 жыл, Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов көшесі, 32).

Жалпы аталған тізімде облыстық маңыздағы 323 нысан болған. Қаулы қабылданса, олардың саны 319-ға қысқарады деген сөз.

Осы 319 нысанның ішінде Кеңес үкіметін орнату үшін күрескендерге арналған ескерткіш, Я.В. Ушанов ескерткіші, Ф.Э. Дзержинский бюсті, Устькаменная бекінісінің негізін қалаушыларға арналған декоративтік скульптура-субұрқақ, "Қылыштан орақ құямыз" мүсіні, Кеңес үкіметі үшін күрескендердің бауырластық бейіті, Шарап дүкені, Сыра зауытының иесі Яворовскийдің үйі, "Савва Семенов және оның ұлдары" сауда үйі, Көпес А. Рафиковтың лабазы, коммерсант А.К.Бобровтың үйі, И. Н. Кожевниковтың шыны және фаянс ыдыстары дүкені, Выдринның үйі, бухгалтер Жеромскийдың үйі, Балықшы бай И.Д.Подойниковтың үйі, А.С.Меновщиковтың шарап сақтайтын жертөлесі бар үйі, алтын іздеуші Валитовтың үйі, көпес Семеновтың дүкені, көпес Х.Ерзиннің үйі, көпес Ж.Татановтың үйі, көпес Ғабдырасылдың үйі, көпес Б. Бобкиннің үйі, Көпес Т.Бекчентаевтың дүкен, көпес А.В. Собачкиннің үйі, А.Ф.Казариновтың үйі, алтын іздеуші П.Г.Сорокиннің үйі, көпес Быковтардың үйі, С.Малей жазаланған жердегі құлпытас, Питер Коммунарларына ескерткіш, В.И.Чапаевтың бюсті сияқты ескі идеологияның нысандары әлі бар.