Шымкенттік полицейдің бетіне пышақ сұққан азаматқа қатысты сот үкімі шықты

0
1 558

Полицей жағы мен бет тұсынан пышақ жарақатын алған.


Шымкенттік полицейдің бетіне пышақ сұққан азаматқа қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Қанды оқиға өткен жылдың шілде айында орын алған, деп жазады Elitar.kz.

Ворошиловка елдімекенінде қалалық ішкі істер басқармасының есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің шұғыл тобы «Бүркіт» арнайы жасағымен бірге есірткіні заңсыз сатқан күдіктіні ұстау операциясын жүргізген болатын.

Полицейлер күдіктінің үйіне кіргенде оның туыстары мен көршілерінің шабуылына тап болады. Қарсылық көрсеткендердің арасында күдіктінің бауыры да болған. Өзінің туысына полицейлерден жасырынуға көмектескен ол үйден асхана пышағын ала шығып, полиция майорына тап береді. Салдарынан полицей жағы мен бет тұсынан пышақ жарақатын алды. Сот жарақатты қызметтік міндетін орындау барысында жүрген билік өкілінің өмірі мен денсаулығына қауіпті деп тапты.