ШЫҰ-да 2024 жылды «Экология жылы» деп жариялауды ұсынамын – Тоқаев

0
1 291

Президент бұл бастама БРИКС-ке мүше мемлекеттер тарапынан да қолдау табатынына сенім білдірді.


ШЫҰ-да 2024 жылды «Экология жылы» деп жариялауды ұсынамын – Тоқаев
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы БРИКС саммиті аясында өтіп жатқан мемлекеттер басшыларының «БРИКС Плюс» диалогы отырысында ШЫҰ-да 2024 жылды «Экология жылы» деп жариялауды ұсынды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Климаттың өзгеруі жаһандық ауқымдағы теріс салдарға әкеліп соғатыны баршамызға мәлім. Соңғы бірнеше жылда Жаһандық Оңтүстік және Орталық Азия елдерінде өте қатты қуаншылық белең алып, басқа да табиғат апаттар жиілеп кетті.
Осыған орай Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында 2024 жылды «Экология жылы» деп жариялауды ұсынып, осы өзекті проблеманы шешу жолындағы ортақ күш-жігерді ұйымдастыруға дайын екенін білдірді», - деді Қасым Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент ШЫҰ-ның Экология жылын өткізу жөніндегі іс-қимыл жоспары – уақтылы көтерілген бастама екенін атап өтті.

«Бұл бастама БРИКС-ке мүше мемлекеттер тарапынан да қолдау табады деп үміттенемін», - деді ол.