2021 жылы Қытай Қазақстан азаматшасын экстрадициялаудан бас тартқан.
Архивное фото: facebook.com/KazakhstanMFA
ERNUR.KZ. Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жағдайға пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Смадияровтың айтуынша, бұл іс бойынша одан әрі жұмыс Бас прокуратураның құзырында.
"Біз қажет нәрсенің бәрін жасадық. Бұдан әрі Бас прокуратура желісі бойынша ақпарат алмасу жүргізіледі", – деді ол.
Журналистер Қазақстан елшілігінің өкілдері Тұрлыбаймен кездескен-кездеспегенін де нақтылады.
"Шетелдегі түрмеде отырған азаматтарымызға бару консулдың жыл сайынғы міндеті. Сондықтан бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді ол.
Бұған дейін Бас прокуратураға Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасын Қазақстанда өтеуге ниетті екені туралы өтініші түскені хабарланған болатын. Сәуірде Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға экстрадицияланатыны туралы ақпараттар тараған еді. Бұл мәліметті Бас прокуратура растаған жоқ.
Еске салайық, 2015 жылдың маусымында Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізді деп айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырған.
2021 жылы Қытай Қазақстан азаматшасын экстрадициялаудан бас тартқан.