38 жастағы тұрғыны құдықтан су әкелмек болған.
Фото: Александр Павский / Kazinform
ERNUR.KZ. СҚО-да абайсызда құдыққа құлап кеткен азамат мерт болды, деп жазады inform.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Чириковка ауылының 38 жастағы тұрғыны құдықтан су әкелмек болған. Көп өтпей оның денесі құдық ішінен табылды.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Чириковка елді мекені тұрғындарының айтуынша, ауылда колонкаларға су күніне екі рет қана беріледі. Таңғы уақытта сағат 8.00-ден 9.00-ге дейін және кешке сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін.
Қалған уақытта үйіне су кіргізіп алмағандар құдықтан алуға мәжбүр.
Абайсызда мерт болған ер адам ауылда түрлі жұмыс атқарған. Үш жасар қызы бар.