Мектеп-интернатта туберкулез интоксикациясы бар балалар оқиды.
ERNUR.KZ. Мамлют мектеп-интернатында 19 оқушы коронавирус жұқтырды, деп жазады Tengrinews.kz.
Бұл ақпаратты Facebook-те аудан әкімінің орынбасары Алмагүл Рамазанова жариялады. Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасы деректі растап, ауру жұқтырған оқушылар оқшауланғанын атап өтті. Қалғандары оқуын жалғастырып жатыр.
Мектеп-интернатта туберкулез интоксикациясы бар балалар оқиды. Олар бұл мекемеде сауықтырудан өтеді.
Қазіргі таңда Мамлютка ауданы карантинге жабылған.