Соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді

0
474

Президент жарлығымен Екінші дүниежүзі соғысында ерлік көрсеткен үш майдангер марапатталды.


Соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді

Президент Жарлығымен Екінші дүниежүзі соғысында ерлік көрсеткен үш майдангер марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын» делінген Жарлықта.

Олар:
Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) – 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені.
Несмиянов Александр Александрович (марқұм) – 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі.
Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) – 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы.