Соңғы 3 жылда қалалар мен ауылдарда дәрігерлердің тапшылығы азайып келеді

0
445

Медицина қызметкерлерінің тапшылығын төмендету үшін білім және ғылым ұйымдарының жұмысқа орналастыру жөніндегі жергілікті комиссияларының шешімдерімен республикалық бюджет гранттары шеңберінде оқыған түлектердің 76% - ы бөлінді.


Соңғы 3 жылда қалалар мен ауылдарда дәрігерлердің тапшылығы азайып келеді

2023 - жылы мемлекеттік сектордағы дәрігерлердің тапшылығы 4,8 мыңнан астам штат бірлігін құрады, оның ішінде қалада – 3,7 мың, ауылда – 1,1 мың дәрігер тапшылығы азаюда. 2022 - жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш қалада 24% - ға, ауылдарда 21% - ға төмендеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұндай деректерді Орталық коммуникациялар қызметінде денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.

«Егер бос лауазымдарды есептесек, онда біздің денсаулық сақтау жүйесінде шамамен 4,8 мың орта медицина қызметкері жетіспейді, бұл 2022 - жылдың соңындағы көрсеткіштен 27% - ға аз. Бүгінгі таңда ең көп сұранысқа ие медициналық мамандықтардың қатарына терапевтер, рентгенологтар, анестезиолог-реаниматологтар, хирургтер, акушер-гинекологтар кіреді», - деп атап өтті спикер.


Денсаулық сақтау министрлігі резидентураның цифрлық платформасын әзірлеуге бастамашы болады, онда тұтастай алғанда медициналық кадрлардың тапшылығы мен қажеттілігін ескере отырып, олардың оқу орнына түскен сәттен бастап жұмысқа орналасуына дейінгі барлық үйлестіру процесі жүзеге асырылатын болады.

«2024 - жылы біз денсаулық сақтау саласындағы жас мамандардың рекордтық санын шығардық – 10,5 мың, олардың жартысынан көбі тегін білім алды. Медицналық жоғары оқу орындары түлектерінің 2/3 бөлігі, бұл 4 мыңнан астам дәрігер, кадр тапшылығын жабу үшін медициналық ұйымдарға жұмысқа орналастырылған. Министрлік жыл сайын білім берудің барлық деңгейі бойынша 5,6 мың грант мөлшерінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады. Ағымдағы жылы өңірлердің қажеттілігіне (өтінімдеріне) сәйкес орналастырылған 2,5 мың резидентура гранты бөлінді», - деп атап өтті спикер.


Медицина қызметкерлерінің тапшылығын төмендету үшін білім және ғылым ұйымдарының жұмысқа орналастыру жөніндегі жергілікті комиссияларының шешімдерімен республикалық бюджет гранттары шеңберінде оқыған түлектердің 76% - ы бөлінді. Оның ішінде қалаға 2, 8 мың маман, ауылға - 1,2 мың маман жіберілді, қабылданған шаралар медицина мамандарының тапшылығының 84% -ын жабуға мүмкіндік берді. Оның ішінде ауылдық аудандарда - 98%, қалаларда-76%.


Бұл ретте грант алушылардың 22% - ы бірқатар дәлелді себептер бойынша жұмысты атқару бойынша міндеттерінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерге жұмысқа орналасу және білім беру грантын пысықтау үшін түлектердің тізімін жолдады.