Соңғы қоңырауда шар ұшыруға еш тыйым жоқ – Ғани Бейсембаев

0
698

БАҚ өкілдері әлеуметтік желіде ата-аналар соңғы қоңырау іс-шарасында мақтау қағазын тапсыруға және әуеге шар ұшыруға тыйым салынғанын жазып жатқанын, бұл ақпараттың рас-өтірігін министрден сұраған еді.


Соңғы қоңырауда шар ұшыруға еш тыйым жоқ – Ғани Бейсембаев

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырауда әуеге шар ұшыруға тыйым салған жоқ. Бұл туралы аталған ведомствоның басшысы Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері әлеуметтік желіде ата-аналар соңғы қоңырау іс-шарасында мақтау қағазын тапсыруға және әуеге шар ұшыруға тыйым салынғанын жазып жатқанын, бұл ақпараттың рас-өтірігін министрден сұраған еді.

«Министрлік тарапынан алғыс хат немесе мақтау қағазын беруге қатысты ешқандай тыйым жоқ Бұл қандай да бір жеке бастама шығар. Іс жүзінде біз де ақпарат алып отырмыз. Өңірлердегі сапаны қамтамасыз ету департаменттері аталған іс-шараларды ұйымдастыруға мониторинг жүргізеді. Министрлік тарапынан ешқандай тыйым салу болған жоқ», - деп жауап берді министр.