Мақсат Ысқақов әкімшілік сотқа жеке сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп санап, арыз берді.
ERNUR.KZ. Алматыда сот орындаушысын ұрған оқиғаға қатысушы Мақсат Ысқақов сотқа арызданды, деп жазады Tengrinews.kz.
Мақсат Ысқақов әкімшілік сотқа жеке сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп санап, арыз берді. Қалалық соттың баспасөз қызметі істі алдын ала тыңдау 5 қарашаға белгіленгенін хабарлады.
Еске салайық, оқиға 4 қазанда Алматыдағы тұрғын үйді бұзу кезінде болған. Ер адам сот орындаушысының қабырғасынан екі рет ұрған. Сот орындаушылар палатасы ер адам полицейлердің көзінше қызметкерді ұрып-соққанын хабарлады.
Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы осы оқиғаға қатысты сот орындаушылар палатасына жауап берген. Ал жәбірленушінің өзі видео жариялап, соққыға жыққан ер адамды қамататынын айтқан болатын. Бірақ кейін сот орындаушысы жол ережесін сақтамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.