Сот төрағасының жекеменшік ұшағы: Елордада тексеріс басталды

0
789

Жуырда Тілектес Бәрпібаевтың қызметінен босатылғаны хабарланған.


Сот төрағасының жекеменшік ұшағы: Елордада тексеріс басталды

ERNUR.KZ. Елорда сотының экс-төрағасы Тілектес Бәрпібаевтың жекеменшік ұшағына байланысты тексеріс басталды, деп жазады ulysmedia.kz.

"Бүгінгі таңда жекеменшік ұшақты Бәрпібаевтың құдасы болып келетін бизнесмен өзі және отбасы үшін медициналық операция жүргізу үшін Германияға бару мақсатында жалға алғаны анықталды. Бизнесменнің Германия клиникаларының бірінде медициналық қызмет алуы және ұшаққа жеке өзі ақы төлеу фактісі құжат арқылы расталған. Бәрпібаевқа келетін болсақ, ол әйелімен бірге осы чартерлік рейстің жолаушылары болған. Ол да медициналық тексеру үшін ұшқан. Аталған факті бойынша тексеру жалғасуда. Бәрпібаевтың Судья әдебі кодексін сақтау мәселесі бойынша Жоғарғы Соттың тиісті комиссиясы қызметтік тексеру жүргізеді", – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, жуырда Тілектес Бәрпібаевтың қызметінен босатылғаны хабарланған.