Сот төрелігі академиясында ашылған магистратураға 98 адам қабылданды

0
95

Сот төрелігі академиясы қызметінің 2025 жылғы тамыздағы маңызды нәтижелерінің бірі – магистратураға қабылдау.


Сот төрелігі академиясында ашылған магистратураға 98 адам қабылданды

ERNUR.KZ. Бұл науқанының басталуына дейін 2025 жылғы 21 ақпанда уәкілетті орган жаңа Қабылдау ережелерін бекітті. Тұжырымдама аясында алғаш рет ғылыми-педагогикалық магистратураға қабылдау көзделді. 2025 жылғы қаңтардан шілдеге дейін Жоғары Сот Кеңесінің тікелей қолдауымен мақсатты аудиторияны қамтыған ауқымды ақпараттық-түсіндіру кампаниясы жүргізілді. Бұл жайында ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, кампания аясында әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер, мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерімен кездесулер, семинарлар, презентациялар мен медиаактивтілік шаралары өткізілді.

«Қабылдау науқанына алғаш рет Жоғары Сот Кеңесінің мүшелерінің, сондай-ақ судьялық және адвокаттық қоғамдастық пен ғылыми орта өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген комиссиялар қатысты, бұл рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан 29 шілдеге дейін eGov.kz порталы арқылы және тікелей қабылдау жолымен жүзеге асырылды. Нәтижесінде 605 өтініш тіркелді, конкурс 1 орынға 10 адамды құрады», – деді вице-ректор.

Магистратураға түсу емтихандары 7–15 тамыз аралығында өткізілді және үш кезеңнен тұрды:

  1. Кешенді тестілеу;
  2. Кейс шешу;
  3. Эссе жазу.

Нәтижесінде 98 адам магистратураға қабылданды, оның ішінде 60-ы – мемлекеттік грант негізінде. Бұл – магистратураға деген тұрақты қызығушылықтың және Академия жұмысының тиімділігінің көрсеткіші. Конкурстық іріктеу нәтижесінде бюджет орындары білікті үміткерлер арасында тиімді бөлініп, магистранттардың сапалы құрамы қалыптастырылды.