Су басқан аймақтардағы оқушылар емтиханнан босатылады

0
432

Биыл 186 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді.


Су басқан аймақтардағы оқушылар емтиханнан босатылады

ERNUR.KZ. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда орналасқан 17 мектептің тоғыз және он бірінші сынып оқушылары емтихан тапсырмайды. Бұл туралы онлайн брифингте Қазақстанның оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Төтенше жағдай жарияланған Ақтөбеде 9 мектепте, Атырауда 3 мектепте және Солтүстік Қазақстан облысында 5 мектепте оқушылар аралық және қорытынды аттестаттаудан босатылды", - деді Наталья Жұмаділдаева.
Тоғызыншы сыныптың 341 242 оқушысы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында қорытынды аттестациядан өтеді.
11-сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 28 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. 12-15 маусым аралығында сертификаттарды салтанатты тапсыру рәсімі болады.
Еліміздегі су тасқыны болған аймақтар қашықтықтан оқытуға көшкен, сондай-ақ қыста ауа райы жағдайына байланысты 2622 мектепте білім берудегі олқылықтардың орнын толтыру үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 22 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі оқу жылын аяқтайды. Биылғы оқу жылында бұл ұйымдарда 5 миллионнан астам бала білім алды. 9-сыныпты 341 мыңнан астам, 11-сыныпты 186 мыңнан астам оқушы бітіреді. Мектептің аяқталу күні – 2024 жылдың 25 мамыры деп белгіленген.
Биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен аралық емтихан өткізіледі.
Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 156 мың студент бітіріп жатыр. Колледж түлектері үшін қорытынды аттестаттау 28 маусымға дейін аяқталып, олар 28 маусым мен 1 шілде аралығында диплом алады.