Су қоймасын салу қымбат, бірақ халықтың қауіпсіздігі үшін керек – Министр

0
458

Министр республика бойынша 40 су қоймасын салу қажет екенін айтуда.


Су қоймасын салу қымбат, бірақ халықтың қауіпсіздігі үшін керек – Министр

ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында су тасқыны қаупін біржола шешуге болатын ұсынымдарды айтты, деп жазады kaz.inform.kz.



«Көксарай суреттігішінің құрылысы Сырдария өзеніндегі 400-ден астам елді мекенді су басу қаупін біржола жоюға мүмкіндік берді. Биыл Есіл өзенінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін су басу қаупін болдырмайтын Есіл су реттегішін салу жоспарлануда», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министр республика бойынша 40 су қоймасын салу қажет екенін айтуда.

«Иә, бұл әкімдіктер үшін қымбат болады, бірақ бұл халықтың қауіпсіздігін арттыруға және олардың мүлкін жоғалтудан туындайтын әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді. Оған қоса, жаз мезгілінде ауыл шаруашылығы алқаптарын суару мәселелерін шешеді», - деп түсіндірді спикер.

Әлемдік практика көрсетіп отырғандай, жою шараларына бөлінетін қаражат сомасы төтенше жағдайларды ескерту үшін алдын ала пайдалануға болатын қаражаттан жүздеген есе көп.

«Үкіметтің қаңтардағы отырысында тиісті бағдарламалық құжаттарда су тасқынына қарсы шараларды жоспарлау бойынша жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берілді. Өз кезегінде біз үйлестіруші министрлік ретінде халықты қорғау жауапкершілігінен қашпаймыз. Біздің тарапымыздан төтенше жағдайлар туындағанда барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деп уәде берді министр.

Бұған дейін Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында су тасқыны жағдайына қандай техникалар әзірленгенін және қандай жоспар құрылғанын баяндады.