Су тасқынының алдын алуға бөлінген 7 миллиард теңге қайда жұмсалды – Төтенше жағдайлар министрлігі жауап берді

0
771

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте министрдің орынбасары журналистердің сауалына жауап берді.


Су тасқынының алдын алуға бөлінген 7 миллиард теңге қайда жұмсалды – Төтенше жағдайлар министрлігі жауап берді

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов су тасқынының алдын алуға бюджеттен бөлінген 7 миллиард теңгенің қайда жұмсалғанына жауап берді, деп жазады stan.kz.

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте министрдің орынбасары журналистердің сауалына 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Түсіндіре кетейін. Іс жүзінде 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген жоқ. Тек қарастырылған. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделген. Бүгінгі таңда әкімдіктердің мәліметінше, 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл қаржының барлығы қазір көріп отырғаныңыздай, су тасқынының алдын алуға және онымен күресуге бағытталуда", - деді Сыздықов.