​Судағы жазатайым оқиғалардың 95 пайызы мас күйде шомылудың салдарынан болады

0
658

Суға кету фактілерінің басым бөлігі өзінің әлін білмей, мас күйде шомылу салдарынан орын алады.


​Судағы жазатайым оқиғалардың 95 пайызы мас күйде шомылудың салдарынан болады

Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқат Ержанов мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Суға кету фактілерінің басым бөлігі өзінің әлін білмей, мас күйде шомылу салдарынан орын алады. Балалардың суға кетуі – ойнап жүрген уақытта немесе ата-ананың назарынан тыс қалғанынан орын алады. Суға кету фактілерінің қалғаны адамның денсаулығының күрт нашарлауы және денесінің құрысып қалуынан болып отыр.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін, жағажайлардағы демалыс уақытында суға түсу кезінде қауіпсіздік шаралары мен ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Суға түсу маусымында ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмауы керек", – деді Асқат Ержанов.