Сұйытылған газ тапшы: Ақтөбедегі бекеттерде ұзынсонар кезек пайда болды

0
484

Ақтөбе қаласындағы газ құю бекеттерінің кейбірі талоны бар жүргізушілерге қызмет көрсетеді.


Сұйытылған газ тапшы: Ақтөбедегі бекеттерде ұзынсонар кезек пайда болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласындағы газ құю бекеттерінде ұзынсонар кезек түзілді. Қазір газ литрі 59 тг сатылып жатқанымен, жүргізушілер сағаттап күтуге мәжбүр, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе қаласындағы газ құю бекеттерінің кейбірі талоны бар жүргізушілерге қызмет көрсетеді. Ал қолма-қол ақшаға сататын газ құю бекеттерінде ұзынсонар кезекті көруге болады.
— Биыл бірінші рет осындай жағдай болып тұр. Тапшылықтың білінгеніне 3-4 күн болды. 1-2 сағат күтіп, кезекке тұрамыз. Тіпті үш сағат күтетін кез болады. Таңертең, кешке осылай кезекте тұрамын. Газ бағасы литріне 59 теңге. Бірақ көп жерден таппайсың, — деді ақтөбелік жүргізуші Айдос Бердібаев.
Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының хабарлауынша, осы айда ҚР Энергетика министрлігі 10 960 тонна сұйытылған газ бөлген. Сұраныс одан артық.

— Ақтөбе облысына 16 000 тонна газ қажет. Энергетика министрлігі шілде айына 10960 тоннасын ғана бөлді. Қазіргі кезде зауыттар 264,3 тонна отынды жіберуді жоспарлап отыр. Осы аптада Атырау мұнай өңдеу зауытынан тағы 504 тонна сұйытылған отын жеткізіледі, — деп хабарлады басқарма.