Суық жел мен нөсер жаңбыр: алдағы 3 тәулікке арналған күн райы

0
480

Ауа температурасы төмендейді.


Суық жел мен нөсер жаңбыр: алдағы 3 тәулікке арналған күн райы

ERNUR.KZ. Синоптиктер 17, 18 және 19 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Метеорологтардың айтуынша, республиканың басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыздығы байқалады. Солтүстік-батыс циклоны синоптикалық жағдайды қалыптастыруды жалғастырады: найзағай тұрып, қатты жел соғады, жаңбыр жауады деп күтілуде. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Нөсер жаңбыр солтүстік-батыста, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста болады деп күтілуде.

«Ауа температурасы республиканың батысында түнде +10+20, күндіз +25+33, елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде түнде +8+18, күндіз +15+23, орталықта түнде +8+18, күндіз +20+28, шығыста түнде + 10+18. Күндіз температура +25+35-тен +18+28-ге дейін төмендеуі күтіледі, оңтүстікте түнде температураның +18+23-тен +13+20-ға дейін төмендеуі, күндіз +28+36, оңтүстік-шығыста түнде +20+25-тен +13+20-ға дейін төмендеуі, күндіз +28+37-ден +23+30 градусқа дейін төмендеуі күтіледі», - делінген хабарламада.