Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте бірнеше тағайындау жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады. Шыңғыс Қабдула мен Нұрлан Шабдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.