Мьянмада 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі тіркелді.
фото: Sputnik
ERNUR.KZ. Таиландтағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғы туралы сыртқы істер министрлігі ресми ақпарат берді, деп жазады sputnik.kz.
Айтуларынша, Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне ешбір қазақстандықтан қтініш түспеген.
"Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің ақпараты бойынша жер сілкінісіне байланысты осы елдегі отандастарымыздан қандай да бір өтініштер келіп түскен жоқ", - дейді ведомство.
Айта кетейік, Мьянманың орталық бөлігінде магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы 1,2 миллион тұрғыны бар Мандалай қаласынан небірі 17 шақырым жерде орналасқан.