Тасымалдаушы Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рет, яғни дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе рейстерін орындайды.
Фото: planespotters.net
ERNUR.KZ. 1 желтоқсаннан бастап Таиланд корольдігінің Thai AirAsia X лоукостері Қазақстан нарығына шығады, деп жазады inbusiness.kz.
"Қазақстан мен Таиланд арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді", – деп жазылған Көлік министрлігінің хабарламасында.