"Тақпаймын, ұстанымым сондай". Алматыда автобус жолаушысы маска үшін дауласты

0
1 158

Бақылаушы ер адам маска тақпайынша автобус орнынан қозғалмайтынын ескерткен.


ERNUR.KZ. Алматыдағы автобуста маска үшін бақылаушымен дауласқан жолаушының видеосы Желіде тарап жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.

Кадрлар 16 шілдеде әлеуметтік желілерде пайда болды. "Онай" тексеріп жүрген бақылаушы жолаушыдан медициналық маска тағуын сұрайды, ал ол айтқанын орындамайтынын айтады.

"Маған заңды көрсет, ондай заң жоқ, мен масканы әдейі тақпаймын. Менде бар. Бұл заңсыз", - деп жауап берді жолаушы.

Бақылаушы ер адам маска тақпайынша автобус орнынан қозғалмайтынын және оның іс-әрекеті қалған жолаушыларды ұстап тұратынын ескертті.

"Онай" компаниясының өкілі видео 16 шілдеде түсірілгенін растады.

"Онай" бақылаушысы тексеру барысында бетпердесіз отырған жолаушыға назар аударды. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы бойынша заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты енгізілген талаптары туралы біле тұра, ол жолаушыға ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармағына сәйкес қоғамдық көліктегі ережені және оны бұзған кездегі қолданылатын жазаны түсіндірді. Нәтижесінде жолаушы бақылаушының кеңесіне құлақ асты", - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі өкілі.