Талдықорған әкімі қызметінен өз еркімен кеткені хабарланды.
Алматы облысында әкім ауысты. Талдықорғанның жаңа басшысы болып Ержан Жасыбаев тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Жасыбаев Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды", - деп хабарлады әкімдік.
Сондай-ақ, Ғалымжан Әбдірайымов Талдықорған әкімі қызметінен өз еркімен кеткені хабарланды.
Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы туған. Өскемен жол-құрылыс институтын құрылысшы инженер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Жамбыл облысында ҚазССР Автокөлік жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 жол шебері болып бастаған.
Әр жылдарда ҚазССР Автомобиль жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 бас инженері, Жуалы ӨЖУ бастығы, "Жамбылавтожол" КМ-нің, "Казақавтожол" РМКК Жамбыл филиалының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары Алматы мемлекеттік мекемесінің бас инженері, Алматы облысының автокөлік жолдары департаменті бастығының орынбасары, Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль инфрақұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық басқармасы директорының орынбасары, директоры, Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық басқармасының директоры, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры болды.
2014 жылдың қазанында Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.