Талдықорған жанындағы айналма жолда жүргізуші екі адамды қағып, мерт қылды

0
707

Адам өліміне әкелген апаттың барлық мән-жайы анықталуда.


Талдықорған жанындағы айналма жолда жүргізуші екі адамды қағып, мерт қылды

Талдықорған жанындағы айналма жолда жүргізуші екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Алматы - Өскемен тас жолының 263-шақырымында Nissan Cefiro автокөлігінің қатысуымен болған.

Шетелдік көліктің 33 жастағы жүргізушісі екі ер адамды басып кетіп, олар оқиға орнында бірден көз жұмды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Адам өліміне әкелген апаттың барлық мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.