Талдықорғанда екі әйел босанғаннан кейін қайтыс болған: тергеу басталды

0
385

Жетісу облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта екі адамның өлімі дерегі болғанын растады.


Талдықорғанда екі әйел босанғаннан кейін қайтыс болған: тергеу басталды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда перзентханадағы екі әйелдің өліміне қатысты қызметтік тергеу басталды, деп жазады tengrinews.kz.

Жетісу облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта екі адамның өлімі дерегі болғанын растады.

"Жыл басынан бері Жетісу өңірінде "Облыстық перинаталдық орталық" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны базасында ана өлімінің екі оқиғасы тіркелді", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Бұл ретте туыстарының рұқсатынсыз мәйіттерді ашу туралы шағымдарға жауап берген басқарма өкілдері, ана өлімінің барлық жағдайы бойынша сараптама жүргізілетінін айтты.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасында патологиялық диагностикамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" бұйрығының 125-бабына сәйкес, ана өлімінің барлық жағдайында қайтыс болғаннан кейін 24 сағат ішінде сараптама жасалады", - деді ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары мен қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығына мониторингті Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті жүзеге асырады.