​Талдықорғандық ана қақаған аязда баласын сарайға қамап тастаған

0
535

Ол баласын тәрбиелемек болған.


​Талдықорғандық ана қақаған аязда баласын сарайға қамап тастаған

иллюстрациялық фото

Талдықорғандық ана баласын тәртіпке салу үшін оны сарайға қамап тастаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтің Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі зорлық-зомбылыққа ұшыраған баланың құқығын қорғауға көмектесті. Айтуынша, зардап шеккен бала бұған дейін де таяқтың астында қалып жүрген. Мұнымен қоса оның анасының ішімдікке жақын екені анықталды.

Артём Лебедев он жасқа да толмаған. Соған қарамастан, оның анасы оған бірнеше рет физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілдігі бастамасымен комиссия құрылды. Оның құрамына Талдықорған қаласының білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, облыстық балалар омбудсмені, әлеуметтік сала өкілдері кірді. Комиссия мүшелері Лебедевтер отбасы тұратын үйге барып, тұрмыс жағдайын зерттеді. Анасы мен екі баласы антисанитариялық жағдайда өмір сүріп келген. Әйел алкогольдік ішімдікті жиі пайдаланған. Салдарынан балаларына қорлап, зорлық-зомбылық көрсетіп келген, - деді Ластаев.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атап өткендей, баласын жазаламақ болған ана қақаған аязда ұлын сарайға қамап қойған. Қазір ата-ана құқығынан айыру мәселесі қолға алынған.

Светлана Лебедева 9 жасар ұлы Артемді аязды күні сарайға қамап қойған. Қамқоршылық органдары Жетісу өңірі бойынша өкілдіктің бастамасымен сотқа жүгінді. Олар әйелді ана құқығынан айыруды талап еткен. Қазір іс қаралып жатыр. Өз анасының азаптауынан қорғау мақсатында Артем Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды, - деді ол.