Бұл оқиғаға күдікті ретінде оның орынбасары подполковник А. С. Оспанов ұсталды. Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды", - делінген ведомство хабарламасында.
Алматы облысында Қорғаныс істері департаментінің бастығын өлтірді деген күдікпен подполковник шеніндегі әскери қызметкер қамауға алынды. Бұл туралы Қазақстанның Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оқиға 2018 жылдың 31 наурызында таңғы 8 шамасында болған. "Қызметтік бөлмесінде Алматы облысында қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Б. Б. Берістемовті атып тастаған. Алған жарақаттан ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл оқиғаға күдікті ретінде оның орынбасары подполковник А. С. Оспанов ұсталды. Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды", - делінген ведомство хабарламасында. Бұл қылмысқа қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тарауы бойынша іс қозғалып, Бас әскери прокуратура оны өндіріске алды. Қазіргі кезде қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.