Талғарда 16 жасар Шерзаттың үйі өртенді - полиция отбасыны қорғауға алды

0
99


Талғарда 16 жасар Шерзаттың үйі өртенді - полиция отбасыны қорғауға алды

ERNUR.KZ. Алматы облысында Талғардағы жанжал кезінде қайтыс болған 16 жасар Шерзат Болаттың үй өртенді, деп жазады kaz.inform.kz.

ТЖД мәліметіне сәйкес, 12 қазан күні сағат 00:50-де үйді жалын шарпыған. Өрт 01:38 оқшауланып, сағат 01:43-де толығымен жойылған.

“Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында,” - деп хабарлады ТЖД.

Алматы облысының Полиция департаменті Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алынып, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр.

Сондай-ақ полиция мәліметіне сәйкес, марқұм Шерзат Болаттың отбасы полиция қызметкерлерінің қорғауына алынған.

“Келіп түскен арызға сәйкес 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілген. Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.