Арықтау мәселесінде ерік-жігеріңіз өзіңізге бағынбай жүр ме?

0
399


Арықтау мәселесінде ерік-жігеріңіз өзіңізге бағынбай жүр ме?


Ерік-жігерді өз дегеніңе көндіру, ойыңдағыны жүзеге асыру оңай емес. Дегенмен психологтар «Мен қалаймын және жасаймын!» деп өз күш-жігеріңді жаттықтыру керек дейді. Қолыңыздан бірдеңе келмей жатса, өзіңізді кінәлаудан аулақ болыңыз. Ерік күші мақсатқа жету үшін қажет. Психологтар айтқандай ерік-жігерді жаттықтыруға болады. Ол үшін нақты жоспар қажет.


Ерік-жігер дегеніміз не?

Бұл адамның өз мінез-құлқын бұған кедергі болатын азғыруларға берілмей, мақсатқа жету үшін құрылымдау қабілеті. Бұл «қажеттілік» «қалаудан» жоғары болған кезде импульсті басқару деп түсініңіз. Ол біздің өзімізді бақылауымызға жауапты. Бұл кез-келген мақсат болуы мүмкін, мысалы, үй салу немесе біз жиі байқамай орындайтын бірқатар күнделікті тапсырмалар. Тіпті, күнделікті жасап жүрген кішігірім тірліктерге де ерік-жігердің керек екенін ұмытпаңыз. Мысалы, демалыс күні үй жинау керек делік. Егер сізде ерік-жігер болмаса, сіз мұны жасамас едіңіз. Гүлдерді суару, киім үтіктеу және тағы басқа күнделікті майда-шүйде тірліктер. Мұның бәрін жасау үшін сізге біраз күш салуға тура келеді. Сіздің күш-жігеріңіз барлық уақыттақалауларыңызға «жоқ» деп айта алатындай күшке ие болса ғана, сіз күнделікті жеп жүрген тәттілерден бас тартып, сымбатыңызды сымдай етуге септігі тиетін жаттығуларды жасайтын едіңіз. Ал бұлай болмаған жағдайда адам өзін қарынның «құлы» санап, өзін әлсіз сезінеді. Дәл осындай жағдай арықтауды қалайтын көптеген қыз-келіншектердің басынан өткенін білеміз. Өйткені қалауыңнан бас тарту ең қиын нәрсе.

Алдыңызға қандай да бір мақсат қойыдыңыз, жетуге талпынудасыз. Сол мақсатқа жету үшін сізге көп нәрседен өзіңізді алшақтатуға үйрену керек. Жай ғана таңертең күндегіден жарты сағат ерте тұрып, жаттығу жасау немесе ас мәзірін өзгерту. Осындайда ойыңызды бұзатын түрлі азғыруларға қарсы тұру үшін сіз шынымен не қалайтыныңызды біліп алғаныңыз маңызды рөл ойнайды. Тәтті жеу ме әлде өзіңіз армандап жүрген көйлекті кию ме? Қайсысын сіз қаттырақ қалайсыз? Яғни, тәтті тортты жеу қажеттілік болса, қалауыңыз фигураны қалыпқа келтіру. Солай ма? Енді сіздің қалауыңыз қажеттіліктен жоғары тұрды деуге болады. Қалау күшейген сайын, тамақтан бас тарту да оңай бола береді.


Ерік-жігерді бағындыру үшін өзіңізді жақсырақ білуге тырысыңыз. Импульстарыңыздың қоздырғышын анықтаңыз, нәтижеге жетуге кедергі келтіретін мінез-құлқыңызды, ойларыңыз бен сезімдеріңізді белгілеңіз. Сондай-ақ, салауатты әдеттерді дамыту да маңызды факторлардың бірі. Бұл күнделікті жұмыс, физикалық жаттығулар болуы мүмкін. Жетістіктеріңізді атап өтуді және өзіңізді мақтауды ұмытпаңыз. Жоспарға сәйкес әрекет еткенде, біз тез шаршамаймыз.

Ерік-жігер мақтауды жақсы көреді. «Ересектер өзін мақтап, жігерлендіріп отыруы керек», - дейді мамандар. Біз бірдеңе жасаған кезде (мақсатқа қол жеткізген кезде, маңызды жұмысты аяқтаған кезде) дофамин мен серотонин гормондарын аламыз, біз өзімізді мақтан тұтамыз. Алынған нәтижелер үшін өз-өзіңізді мақтап отырсаңыз, ерік-жігеріңіз күшейе түседі. Әр күн сайын жасаған әрекетіңізге қанағаттану және өзіңізге деген мақтаныш сезімі жақсы мотивация ретінде қызмет етеді. Сондықтан да ерік-жігеріңіздің төмендеп бара жатқанын сезсеңіз, мақтауға тұрарлық іс тындырыңыз. Мысалы, көптен бері орындамай жүрген жаттығуларды жасап, пайдалы тағам әзірлеңіз. Ал мақсатқа жеткеннен кейін өзіңізді қатты жақсы көріп, мақтан тұтатын боласыз. Бұл күн де алыс емес екеніне сеніңіз!



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ЗИЯНЫ жоқ, ҮШ түрлі ПАЙДАЛЫ майонез мәзірі