Талғарда ер адамды жұрттың көзінше өлгенше сабап кеткен

0
174

Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше ер адам жерде жатқан адамды соққыға жығып, басынан бірнеше рет тепкілігенін байқауға болады.


Талғарда ер адамды жұрттың көзінше өлгенше сабап кеткен

Видео кадры

ERNUR.KZ. Талғарда ер адамды жұрттың көзінше өлгенше сабап кеткен, деп жазады ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше ер адам жерде жатқан адамды соққыға жығып, басынан бірнеше рет тепкілігенін байқауға болады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқиға 27 сәуір күні таңертең Бесғаш ауылындағы «Нүрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Алайда азаматтар тарапынан полицияға ешқандай арыз не хабарлама түспеген. Қоғамдық тәртіп бұзушылық әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықталған.

- Қазіргі уақытта көшедегі жанжалға қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Оқиғаға қатысты адамдардың барлығы заң талаптарына сәйкес ұсталып, қатаң жауапкершілікке тартылатын болады, делінген полиция хабарламасында.

Полиция өкілдері кез келген агрессия әрекеттері мен қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің дереу әрі қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.