Талғардағы төбелес: 16 жастағы баланың өмірін қиғандар қамалды

0
255

Тергеу жалғасып жатыр.


Талғардағы төбелес: 16 жастағы баланың өмірін қиғандар қамалды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Алматы облысының Талғар қаласында төбелестен 16 жастағы жасөспірім қаза болып, қылмыстық іс қозғалған болатын, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Талғарда дүкенге келген адам бір сыра алып, оның ақшасын төлеуден бас тартқан соң дүкен иесімен арада кикілжің туған. Сыраны тегін алғысы келген адам одан сайын ашуланып, оқиға орнына достарын ертіп әкелген. Әкесіне көмекке шыққан 16 жастағы бала төбелес кезінде жан тәсілім етті. Оның өмірін қиғандар уақытша изоляторға қамалды.

«Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілердің бәрі ұсталып, уакытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уакытта істің барлық мән-жайларының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды», - дейді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Мәлік Қабдуалиев.