Талғат Қалиев Президенттің арнайы өкілі болып тағайындалды

0
890

Талғат Қалиев 1962 жылы Алматыда дүниеге келген.


Талғат Қалиев Президенттің арнайы өкілі болып тағайындалды

фото: ҚазАқпарат

Талғат Қалиев Президенттің арнайы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі қызметіне тағайындалды", - делінген өкімде.

Талғат Қалиев 1962 жылы Алматыда дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыған соң Мәскеуде аспирантураға түседі.

1992-1993 жылдары Қазақ стратегиялық зерттеу институтында жұмыс істейді. Кейін Қазақстанның Түркиядағы, Ұлыбританиядағы, АҚШ-тағы елшісі қызметтерін атқарады.