Тамыз саммиті: 1500 педагог марапатталды

0
1 076

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімнің білім беру мен бала тәрбиесіндегі айрықша рөлін және олардың еңбегі мен жетістіктерінің маңызын атап өтті.


Тамыз саммиті: 1500 педагог марапатталды

ERNUR.KZ. Тамыз саммиті аясында кәсіби жетістіктерімен және оқушыларының жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленген үздік педагогтер, шеберлер, зерттеушілер, білім саласының дамуына үлес қосқан білім беру ісінің ардагерлері марапатталды, деп жазады inform.kz.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімнің білім беру мен бала тәрбиесіндегі айрықша рөлін және олардың еңбегі мен жетістіктерінің маңызын атап өтті.

«Мемлекет білім беру саласын дамыту мен педагогтеріміздің еңбегін лайықты бағалауға аса мән береді. Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз, сондықтан біз білім мен тәрбие беру арқылы еліміздің болашағының қалыптасуына жанашырлық танытқан ұстаздарға қай уақытта да жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз», - деді Ғани Бейсембаев Назарбаев университетінде өткен Тамыз саммитінде.

Ведомстволық наградалар тамыз саммитінің аясында, сондай-ақ өңірлерде өткен тамыз конференциялары кезінде тапсырылған болатын.

Осылайша, «Еңбек ардагері» медалімен 257 педагог, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен 264 педагог, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен 265 педагог марапатталды. Сондай-ақ 149 педагогке Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасы, 517 педагогке ведомстволық грамоталар мен Алғыс хаттар тапсырылды.
Еске сала кетейік, 15 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі тамыз кеңестері өтті. Бүгін елордада Назарбаев университетінің (NU) базасында өткен басты республикалық саммитке 500 мыңнан астам педагог қатысты. Саммит «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбымен білім беру саласын цифрландыру, оқу процесіне жасанды интеллектті енгізу мәселелерін қамтыды.