Таразда банк қызметкеріне шабуыл жасалды

0
541

Полиция 22 жастағы Тараз тұрғыны мен оның сыбайласы 30 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады.


Таразда банк қызметкеріне шабуыл жасалды

ERNUR.KZ. Таразда банк қызметкерін тонамақ болған екі күдікті қолға түсті. Олар жәбірленушінің сөмкесіндегі қомақты қаржыны қолды қылмақ болған, деп жазады exk.kz.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілер жәбірленушіні темірмен соққыға жығып, ақшаны алып кетпек болған. Алайда базар маңындағы куәгерлер араша түскен соң олар белгісіз бағытта қашып кетеді.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция 22 жастағы Тараз тұрғыны мен оның сыбайласы 30 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Олардың үстінен ҚК 190-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды.