Таразда ер адам итті көлікке байлап сүйреген

0
109

Полиция оның ит аулайтын мекеме қызметкері екенін айтты


Таразда ер адам итті көлікке байлап сүйреген

Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Таразда итті жүк көлігіне байлап асфальтта сүйреген жүргізуші полиция бөліміне жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 19 желтоқсан күні таңертең Саңырақ батыр көшесінде болған. Белгісіз адам иттің аяғы мен мойнынан байлап алып, көлікпен сүйреген.
Полиция оның ит аулайтын мекеме қызметкері екенін айтты.
"Арнайы аулау қызметінің көлігін басқарған инспектор анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді полицияда.
Ал ит аулайтын мекемеге бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою және алдын алу жөнінде ұсыным жолданған.