Таразда фаст-фуд дайындайтын дүңгіршек өртенді

0
91


Таразда фаст-фуд дайындайтын дүңгіршек өртенді

ERNUR.KZ. Бүгін, 27 желтоқсанда таңертең фаст-фуд дайындайтын дүңгіршек өртенді, деп жазады Zakon.kz.




Жамбыл облысы 112 пультіне Тараз қаласы Жамбыл даңғылы бойында орналасқан бөлек тұрған жедел тағам дайындайтын дүңгіршекте өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел түрде жетті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында өрт қысқа мерзімде сөндіріліп, оттың жақын маңдағы ғимаратқа таралуына жол берілген жоқ.



Ғимарат иесі ТЖМ қызметкерлеріне жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғыс білдірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.