Таразда әйелі сотталған күйеуіне ет майының арасына есірткі салып әкелген

0
1 077

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде


Таразда әйелі сотталған күйеуіне ет майының арасына есірткі салып әкелген

ERNUR.KZ. Тараздағы колониялардың бірінде күйеуімен кездесуге келген әйел шошқа майының арасына есірткі салып әкелген, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері әйелдің өзімен бірге алып келген азық-түлігіне тексеру жүргізген. Олардың арасында болған шошқа майының ішінен фольгаға оралған алты түйіншек табылған.

«Сот-медициналық сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 20 грам болатын наша екені анықталды», - делінген хабарламада.

Мереке күндері тіркелген факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркеліп, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.