Жаңа пəтер «Зекет» қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың қолдауымен сатып алынған.
ERNUR.KZ. Таразда Алтын алқа иегері, жалғызбасты, сегіз баланың анасы Айгүл Əмірееваға жаңа пəтер берілді, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған сапары барысында Тараз қаласында сегіз қыз баланы дүниеге əкелген Айгүл Əмірееваға пəтер кілтін табыстады.
Айта кетейік, жаңа пəтер «Зекет» қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың қолдауымен сатып алынған.
«Құтты қоныс болсын. Алла Тағала осы шаңырақтың ішін жақсылық пен берекеге толтырғай», - деді Бас мүфти.
Өз кезегінде көп балалы ана да қайырымдылық жасаған жомарт жандарға жүрекжарды тілегін жеткізіп, алғысын айтты.