Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде темір жол желісі маңынан полиэтилен пакеттегі 12 калибрлі ИЖ-18ЕМ бір ұңғылы шолақ мылтық, “Полиция” деген жазуы бар қорғаныс кеудешесі тәркіленді.
ERNUR.KZ. Таразда вокзал аумағынан қару-жарақ жасырылған орын табылды, деп жазады baq.kz.
Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында арнайы іс-шаралар жүргізді.
Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде темір жол желісі маңынан полиэтилен пакеттегі 12 калибрлі ИЖ-18ЕМ бір ұңғылы шолақ мылтық, “Полиция” деген жазуы бар қорғаныс кеудешесі тәркіленді.
ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды, - делінген ведомство хабарламасында.