​Таразда жүргізуші куәлігін сатқан 7 адам сотталды

0
152

21 адамға заңсыз жүргізуші куәлігі берілген.


​Таразда жүргізуші куәлігін сатқан 7 адам сотталды

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. Тараз қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері жүргізуші куәліктерін сатқан. Кінәлілер жазаға тартылды, деп жазады sputnik.kz.

"Тараздағы халыққа қызмет көрсету орталығының 2 қызметкері, 1 программист маман 4 делдал арқылы Жамбыл, Түркістан және Алматы облысының 21 тұрғынына жүргізуші куәлігін жасап берген. Бұл азаматтар жол қозғалысы ережесінен емтихан тапсырмаса да, куәлік алған", - деп жазылған хабарламада.
Жүргізуші куәлігінің құны 100 бен 200 мың арасында бағаланған. Қаражатты 7 адам өзара бөліп келген.
Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 3 жыл 6 ай мен 4 жыл 6 ай аралығында бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ қылмыстық қудалау органының талабы бойынша жүргізуші куәліктері жарамсыз деп танылды.