Тараздағы қанды оқиға: 24 жастағы жігітті пышақтап кетті

0
220

​Көпқабатты үйдің ауласында бір жігітті өлтіріп кетті.


Тараздағы қанды оқиға: 24 жастағы жігітті пышақтап кетті
фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. 3 қазанда Абай көшесіндегі үйдің ауласында кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Онда 24 жастағы жігітке шабуыл жасалып, пышақталған, деп жазады baq.kz.

Шабуыл сағат 17:00 шамасында болған. Жас жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлер болған оқиға туралы полицияға хабарлаған.

Жамбыл облысы ПД өкілдері тергеушілердің кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамағанын айтты.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Департамент басшылығының бақылауында», – деп жауап берді BAQ.KZ сауалына Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.