Ауа райының салқындығына қарамастан, кішкентай бүлдіршін жалаң аяқ жүрген.
Фото: polisia.kz
ERNUR.KZ. Тәртіп сақшылары көшеде үлкендердің қарауынсыз жүрген бүлдіршінді байқап, аман-есен үйіне жеткізді, деп жазады inbusiness.kz.
Сағат 11:00 шамасында Ақжар ауылында учаскелік полиция инспекторы Диас Жұмаділов пен патрульдік полиция полиция инспекторы Нұрасыл Қабылқақов далада жалғыз жүрген 2 жасар баланы байқаған. Бала табылған жердің дәл қасында ашық әжетхананың болуы қауіп төндірген.
Тәртіп сақшылары баланы бірден көлікке отырғызып, жылытып, ата-анасын іздеуге кіріскен. Олар мессенджерлер арқылы хабарлама таратып, маңайдағы үйлерді түгел аралайды. Көп ұзамай бір сағат ішінде ұлын іздеп жүрген баланың әкесі де табылды. Белгілі болғандай, үйдегілер байқамай қалған сәтте бала есіктен шығып кеткен екен.
Полицейлердің дер кезінде көмекке келуінің арқасында бала аман-есен әкесіне табысталды.


