Тауарды бөліп төлеуге қатысты өзгеріс енгізіледі

0
123

Агенттік жаңа заң әзірлейді, я болмаса, қазіргі заңнамаға өзгеріс енгізбекші.


Тауарды бөліп төлеуге қатысты өзгеріс енгізіледі

фото:sputnik.kz.

ERNUR.KZ. Қазақстанда тауар құнын бөліп төлеуге қатысты заңнамалық өзгерістер қабылданады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әділқасымова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Агенттік жаңа заң әзірлейді, я болмаса, қазіргі заңнамаға өзгеріс енгізбекші.

"Біз BHPL (ағыл. Buy Now, Pay Later – қазір сатып ал да, кейін төле) нарығын реттеу бойынша заңнамалық өзгерістерді әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Оған қаржы ұйымдары емес, маркетплейстер немесе сауда үйлері ұсынатын тауарды бөліп төлеу жатады. Бірақ шын мәнінде кредиттік өнімнің барлық белгісі болады", - деді Әбілқасымова мәжілісте өткен брифингте.

Айта кетері, былтыр кредит алуға қатысты шектеулер енгізілгеннен кейін тұтынушылық кредиттердің саны күрт азайды.