Таяуда Мәжіліс таратылуы мүмкін

0
455

Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында 16 қаңтарда Парламент Мәжілісі таратылуы мүмкін екені хабарланған еді.


Таяуда Мәжіліс таратылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов жақын арада палатаның таратылуы мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұл жайында Президент (Жолдауда) айтқан болатын. Яғни, биылдың бірінші жартысында тиісті шешім қабылданатыны мәлім болды. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық база дайындалды, сондай-ақ тиісті заңдарға сайлауға қатысты түзетулер де енгізілді. Сондықтан жақын арада тиісті қадамдар жасалуы мүмкін», - деді А. Қожахметов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда тілшілер депутаттан Мәжілістің жаңа құрамына енуі мүмкіндігіне қатысты сұрады.

«AMANATпартиясының мүшесі екенімді білесіздер және бұл мәселені партия шешеді. Сондықтан партия съезінде тізімге енетін кандидаттардың аты-жөні нақтыланады», - деді Арман Қожахметов.

Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында 16 қаңтарда Парламент Мәжілісі таратылуы мүмкін екені хабарланған еді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылы қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісті сайлауға қатысты айтқан болатын.

«Сондықтан Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынамын. Біз көпшіліктің мүддесін білдіретін депутаттардың жаңа құрамын жасақтаймыз», - деді Президент.