Теміртау тұрғыны құдықтан өлі табылды

0
935

Марқұмның әпкесі 25 тамызда, ол жоғалған күні бейтаныс ер адам ағасына келіп, кешке үйіне шақырғанын айтты.


Теміртау тұрғыны құдықтан өлі табылды

ERNUR.KZ. Теміртауда полицейлер құдықтан зорлық белгілері бар ер адамның денесін тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Марқұмның әпкесі 25 тамызда, ол жоғалған күні бейтаныс ер адам ағасына келіп, кешке үйіне шақырғанын айтты. 50 жастағы Владимир Шепелюк ұсыныстан бас тартқан. Алайда ұзақ көндіруден кейін ол келісім берген. Ағасы әпкесіне 40 минуттан соң үйге келемін деп уәде берген, бірақ содан кейін оны ешкім көрген жоқ.

Жолда ер адамдар дүкенге барып, шай мен темекі сатып алған. Осыдан кейін Владимир жоғалып кетті. Келесі күні ол жұмысқа шыққан жоқ. Владимир әпкесінің қоңырауларына жауап бермеді, екі күннен кейін телефоны тіпті өшіп қалды.


"Осы уақытқа дейін ол қоңырауларға жауап бермеген кез болмаған. Ол әрдайым үйде қонып, жұмысқа бармаса басқа ешқайда кетпейтін. Қоңырау шалуға болатын адамдардың барлығына хабарласып, сұрастырдық", - дейді әйел.


Ол бірнеше күн бойы ағасын күткен. Ал 5 қыркүйекте полицейлер ер адамның денесін тапты.

Аталған дерек бойынша, ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.